Басты Жаңалықтар Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 26 адам көз жұмды

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 26 адам көз жұмды

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 26 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустан 19 адам көз жұмды. 1809 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 256837-ге жеттi. 

Соңғы тәулікте 1122 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 226378. Қайтыс болғандар - 3129.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 28 333 адам ем қабылдап жатыр. 456 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 7 адам дертке шалдығып, 7 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50839 адамға пневмония диагнозы қойылды. 49127 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 709.

Ал бүгінде ел бойынша КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 194706-ға жетті.

Бөлісу