Қарағанды облысында тасқынның алдын алу жұмыстары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында тасқынның алдын алу жұмыстары күшейтілді

05.04.2021

Қарағанды облысында күннің жылынуына байланысты су тасқынының алдын алу шаралары күшейтіліп, арнайы штаб тәулік бойы жұмыс режиміне көшті. Әсіресе, қалың қар басып жатқан аумақтарда судан қауіп бар. Өңір бойынша 174 елді мекенннің дайындығы пысықталды. Бүгінгі күнге дейін 1 миллион 700 мың текше метр қар шығарылып, 200 шақырым арық тазартылды. Жол бойындағы көпірлер мен құбырлар да қардан аршылып жатыр. Жол сапа мамандары бұл жұмыстарды жіті бақылауға алған. Былтыр 33 елдімекеннің аумағында 22 шақырым жал көтерілді. Өңірдегі ең қауіп басым Ғабиден Мұстафин ауылы. Мұнда Нұра өзенінің 6,5 шақырым жағалауы бекітілген.

Мұрат Қатпанов, Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:
Бүгінгі күнге дейін ауыл аймақтарын су басу қауіпі бойынша бізге әртүрлі 26 хабарлама келіп түскен болатын. Бүкіл жағдайлар уақытында шешіліп, қазір бақылаудан алынып тасталды. Алдын алу жұмыстарына 400 адам мен 100 бірлік техниканы жоғары деңгейлі дайындықта ұстап отырмыз.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу