Су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

14.01.2020

Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді. Мұз кептелісі салдарынан Ертіс өзенінде су деңгейі көтеріліп, салдарынан Шығыс, Бейбітшілік елді мекендерін су басу қаупі туындаған. Полковник аралындағы бір тұрғын үйдің ауласына су кірген. 8 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 3-уі бала. Төтенше жағдай қызметі өзен жағасында күндіз түні кезекшілік ұйымдастырып, тасқынның алдын алу шараларын күшейтті.

Жедел штаб құрылды. Сырдария өзенінде де су деңгейі қауіпті белгіге жақындаған. «Ауа-райының жылынуы жағдайды күрделендіріп отыр»,- дейді мамандар. Бірақ дарияға жақын жердегі елді мекендерді су алу қаупі жоқ. Су деңгейі де біршама түсті.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу