Ақтауда карантин талабын сақтамаған 3 мейрамхананың жұмысы тоқтатылды
Ақтауда түнгі 00.00-ден кейін жұмыс істеген 3 мейрамхана мен бір түнгі клубтың жұмысы тоқтатылды. Көңіл көтеру орындарында карантин талаптары өрескел бұзылған. Ғимарат іші адамға лық толы. Маскалық режим мен әлеуметтік арақашықтық туралы айтудың өзі артық. Мониторинг тобы нысан иелеріне әкімшілік хаттама толтырып, келушілерді таратып жіберді.
Әлібек Әділқожа, мониторинг тобының үйлестірушісі:
Біз нысан қызметкерлерінен түсініктеме алдық және акт толтырдық.
Жамбыл облысында мобильді топтар 200 адам жиналған тойды әшкереледі. Енді көпшілікті жинап той ұйымдастырған Тараз тұрғыны айыппұл арқалайды. Жалпы өңірде наурыз айының басынан бес мыңға жуық нысан тексеріліп, 300ден астамының ережені бұзғаны анықталды. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 32 млн теңгені құрап отыр.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03