Мемлекет басшысы екі облыстың әкімімен сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы екі облыстың әкімімен сөйлесті

02.04.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті. Президентке өңірлердегі қазіргі ахуал жайы баяндалды.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін айтып, су тасқынының алдын алу шаралары мен вакцина салу барысы жайында ақпарат берді.

Ал, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен су тасқынын болдырмауға қатысты қабылданып жатқан шараларды баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі облыстың әкіміне эпид ахуалды тұрақтандыруға, көктемгі егіс науқанын жоғары деңгейде атқаруға және тағы да басқа мәселелерге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу