Қостанай облысында 95 елді мекенді су басуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 95 елді мекенді су басуы мүмкін

02.04.2021

Қар күрт ерісе Қостанай облысында 95 елді мекенді су басуы мүмкін. Төтенше жағдай қызметкерлері осылай деп болжам жасап отыр. Себебі қардың қалыңдығы тиісті нормадан 23 см көп, жердегі тоңның қалыңдығы метрге жуықтайды. Мұндай жағдайда еріген қар суы топыраққа сіңбей, дүлей тасқынға айналады.

Мамандар биылғы метеорологиялық жағдай 2016, 2017 жылдардағымен бірдей екенін айтады. Бұл жылдары бірнеше ауылды су басып, жолдар бұзылып, облыс жұрты қыруар шығынға батқан болатын. Төтенше жағдай қызметі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп мұндай келеңсіздікке жол бермеудің қамын жасап жатыр.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу