Бельгияда 1 сәуірлік әзілдің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Белгісіз біреулер әлеуметтік желі арқылы жұртты Брюссельдегі паркке концерт көруге шақырған. Сүйікті топ өкілдерін көрмекке келген 5 мың адамға полиция қызметкерлері тез арада саябақтан тарауды бұйырған. Алайда жастар полиция қызметкерлеріне бөтелке, тас лақтырып, тәртіпке бағынбаған соң, оқиға орнына арнайы жасақ, атты полиция жұмылдырылып, көпшілікке қарсы су, көз жасауратын газ қолданған. Қақтығыстың кесірінен 30 шақты адам жарақаттанып, 22 адам ұсталды. Брюссель прокуроры тәртіп бұзғандар мен ғаламтор арқылы жұртты дүрліктіргендер заң алдында жауап беретінін ескертті. Себебі Бельгияда індет өршіп тұрғандықтан, көшеде 4 адамнан артық жиналуға тыйым салынған.
Нұрсұлу Қасым