Алматы тауларындағы қар көшкінінің жүру қаупі әлі екі күн сақталады. Сондықтан тау бөктерлеріне шығудан бас тартқан жөн. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ескертті. Мамандар жауын-шашынның көп түсіп, қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар көшкінінің аса қауіпті екенін айтып отыр. Сондықтан қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, тауда абай болған абзал дейді. Ал синоптиктер апта соңына дейін оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашынды тұрақсыз ауа райы сақталатынын болжап отыр.
Жазира Оразқызы