Өзбекстанның екі облысында қар көшкіні жүру қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанның екі облысында қар көшкіні жүру қаупі бар

28.04.2024

Елдің оңтүстігімен шекаралас жатқан көрші Өзбекстанның екі облысында қар көшкіні жүру қаупі бар. Яғни, кейбір аймақтарда ауа температурасының күрт салқындауына байланысты осындай хабарлама таратылды. Ташкент облысының Бостандық, Ахангаран және Паркент аудандары мен Шатқал таулы аймағында көшкін қаупі сақталады. Сондай ақ, Наманган облысының Пап ауданында, қар көшкіні болуы ықтимал. Осы ретте, төтенше жағдай қызметінің өкілдері, өңір тұрғындарының тауға шықпауын ескертіп отыр. Айта кетейік, Өзбекстанның кей облыстарында, әлі де жауын-шашын болады деген болжам бар. Ал өткен аптада ғана Жызақ облысының таулы аудандарына қалың қар түскен еді.

Таулы аймақ тұрғындарына мүмкіндігінше алыс жолға шықпау қажеттігін ескертеміз. Демалушылар мен өзге де азаматтардың, көлік жүргізушілерінің де қауіпсіздік шараларын мұқият сақтағаны жөн.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу