Қашықтан оқу кезінде шымкенттік оқушылардың білім сапасы 15%-ға төмендеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қашықтан оқу кезінде шымкенттік оқушылардың білім сапасы 15%-ға төмендеген

01.04.2021
Қашықтан оқу кезінде шымкенттік оқушылардың білім сапасы 15%-ға төмендеген

Қашықтықтан оқу кезінде шымкенттік оқушылардың білім сапасы 15%-ға төмендеген. Бұл туралы Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева айтты.

«Былтырғымен салыстырғанда биыл білім сапасы 15%-ға төмен. Біз оқушылардың білімін тексеру мақсатында мектептерде тестілеу өткіздік. Атап айтқанда, 6, 7, 8 және 10-сынып оқушыларының білімі төмендеген. Осы төртінші тоқсанда оқу процесіндегі кемшіліктерді түзеуге барынша күш салмақпыз», - деді ол отандық БАҚ-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, бүгін еліміздегі оқушылар үшін төртінші тоқсан басталды. Шымкент қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысымен, барлық сынып оқушылары аралас форматта оқиды. Әр сыныпта балалар саны 25-тен аспауы тиіс. Алайда шаһарда оқушы саны тым көп 32 мектеп бар. Мұндай мектептерде бала санын шұғыл қысқарту мүмкін емес, десе де мәселе республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жекеменшік мектептердің ашылуымен шешілмек.

«Оқу жылының соңына дейін қалада 17 жаңа мектеп салынады, оның 13-і жекеменшік оқу орны болмақ. Олар мемлекеттен субсидия алады», - деді Білім басқармасының басшысы.
Шымкент оқушы мектеп

Хабарламаларға жазылу