Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

24.08.2020

Білім беруді сандық трансформациялауға ерекше назар аудару керек. Бүгін Тамыз конференциясының пленарлық отырысы кезінде Алтай Көлгінов осылай деді. Қатысушылар пандемия жағдайында білім берудің онлайн жəне офлайн форматтарын оңтайлы пайдаланудың тетіктерін талқылады. Онлайн оқу кезінде оқушы мен мұғалімнің сапалы интернетпен жəне қажетті техникамен қамтылуы маңызды. Бұл жіті бақылауда болуы шарт. 

«Қашықтан оқу білім сапасына керіс əсер етпеуі керек. Керісінше, оқушылардың жауапкершілігін арттырып, интеллектуалдық дамуына ықпал етуі тиіс», - деді қала əкімі. Сондай-ақ, мектептердің, мұғалімдердің бір-бірімен тəжірибе алмасу мүмкіндігін арттыру мəселесі қозғалды.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу