Мектеп компьютерлері оқушыларға уақытша пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп компьютерлері оқушыларға уақытша пайдалануға беріледі

19.08.2020

Бастауыш сынып оқушылары ата-аналардың қалауы бойынша дəстүрлі форматта оқи алады. Бірақ бір сыныпта 15 баладан артық отырмауы керек. Бүгін елдегі мектептерде өткен педагогикалық кеңестерде жаңа оқу жылында болатын осындай өзгерістер талқыланды. Əр мектеп директоры өз ұжымына қашықтан оқыту ережелері мен кезекші сыныптардағы санитария талаптарын түсіндірді.

Ал қашықтан білім алатын оқушылардың үйінде компьютер болмаса, мектептер өздері көмектеседі. Уақытша компьютер береді. Оған қоса жергілікті білім басқармалары жаңа ноутбуктер мен планшеттер сатып алуға қаржы бөліп отыр.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу