Сырым ауданы Тоғанас ауылы маңында бөгет қақпасын жөндеп жатқан жұмысшылар каналдағы судың көп бөлігін өзенге ағызып жіберген. Сөйтіп, тереңдігі 15-20 см. ғана болатын шалшық су ғана қалған. Бірақ, онда шабақ бар екенін байқамаған. Екінші күні ауа температурасы күрт төмендеп, су қатып, балықтар қырылып қалған. Мамандардың айтуынша, шамамен 900 мың шабақ өлген. Олардың арасында қызылқанат, қылышбалық, мөңке балықтары бар.
Қайрат Ыбыраев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:
- Жөндеу жұмысы біздің, яғни, құзырлы органның келісімінсіз жүргізілген. Қазір бұл дерек бойынша Сырым ауданының Ішкі істер бөлімінде 336-шы, яғни, «Балық қорын қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі тұлғалар тергеу барысында анықталып, жауапқа тартылады. Нақты шығын көлемі есептеледі.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.