Облыс орталығында эпидахуал нашарлап барады. Наурыз айының басынан коронавирус жұқтырғандар саны 500-ге жуықтады. Жаңа қаулымен 1 сәуірден 15 сәуірге дейін карантиндік шаралар күшейтілді. Мәселен, жұмысшы саны 20-дан асатын мекемелер мен ұжымдар 70 пайыз онлайн форматқа ауысады. Демалыс күндері азық-түлік пен құрылыс материалдарынан басқа тауар сататын сауда орталықтары, қоғамдық тамақтандыру орындары жабылады. Сенбі, жексенбі күндері сауықтыру орындары мен қоғамдық монша, сауналар, театр мен кинотеатрлар жұмыс істемейді. Барлық білім беру мекемелері қашықтан оқитын болады.
Ермек Әсемқұлов, Талдықорған қаласыныңбас санитарлық дәрігері:
Мұғалімдер мен оқушылардың арасында 2 айдың ішінде 39 оқушы науқастанды. Сол себепті біз мектептерді онлайн режимге жіберіп жатырмыз.
Батыс Қазақстанда да келер айдан бастап мейрамхана-дәмханалар демалыс күндері жұмыс істемейді. Ал 6, 7, 8, 10-сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды. Сондай-ақ өз отбасында болмаса, Ораза кезінде көпшілікке ауызашар жасауға болмайды. Сондай-ақ,Ақтөбеде вирус жұқтырғандар саны өткен екі аймен салыстырғанда наурызда үш есеге жуық өскен. Осыған байланысты шектеу шаралары күшейтілді.
Қуаныш Қанатұлы