Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі

30.03.2021

Жаһандануға жұтылмау үшін ұлттық құндылықтарды ерте ұғыну – міндет. Оның ең қастерлісі – Тәуелсіздік, ең қасиеттісі – жер. Ал, оны сақтап қалатын ұрпақ. Сондықтан зиялы қауымның жаңа буынын қалыптастыру – өзекті. Осы ретте, өскелең өреннің санасына сүзгі ретінде «әлеуметтік желілер» туралы заң қабылдануы қажет. Сондай-ақ «бір тілде сөйлемей, бірлік жоқ» қағидасын ескеріп, «ана тілі» бойынша бөлек заң және «отбасы институтын» көтеретін де заң керек. Мұның сыртында қажырлы жұмыстар мектеп қабырғасынан басталуы шарт. Бүгін «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» тақырыбында Парламенттік тыңдау өтті.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу