Коронавирус жұқтырған 364 адамның жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырған 364 адамның жағдайы ауыр

30.03.2021
Коронавирус жұқтырған 364 адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте коронавирустан 15 адам көз жұмды. 1445 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 243318-ге жеттi. 

Соңғы тәулікте 863 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 218031. Қайтыс болғандар - 3029.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 24 180 адам ем қабылдап жатыр. 364 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 10 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50443 адамға пневмония диагнозы қойылды. 47837 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 684.

Хабарламаларға жазылу