Коронавирус жұқтырған 294 адамның жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырған 294 адамның жағдайы ауыр

18.01.2021
Коронавирус жұқтырған 294 адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте 1003 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 468 адам жазылып шықты. Індеттен 8 адам көз жұмды.

Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 169099-ға жеттi. Жазылып шыққандар саны - 153503 адам. Қайтыс болғандар саны - 2416.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 24 875 адам ем қабылдап жатыр. 294 науқастың жағдайы ауыр. 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 17 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 46848 адам пневмонияға шалдыққан. 34613 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 540.


Хабарламаларға жазылу