Петропавлда полицейлер марқұмдарға қатысты құпия мәліметтерді сатқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда полицейлер марқұмдарға қатысты құпия мәліметтерді сатқан

26.03.2021

Петропавлда полицейлер марқұмдарға қатысты құпия мәліметтерді ритуалдық агенттіктерге сатқан. Оның ішінде коронавирустан көз жұмған науқастардың да деректері болған.

Тәртіп сақшыларының мұндай заңсыздықпен қай уақыттан бері айналысқаны, неше ритуалдық агенттікпен сыбайлас болғаны әзірге белгісіз. Олар жерлеу рәсімімен айналысатын кәсіпкерлерге қайтыс болған адамның аты-жөнімен қатар, марқұмдардың туған-туыстарының мекен-жайы, телефон номерлері сынды жеке мәліметтерді берген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Нұрлан Жахин, СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары:

Олар ритуалдық агенттіктерге ақшалай сыйақы үшін Петропавл қаласының аумағында қайтыс болған адамдар туралы мәліметтерді ұсынғаны үшін қазіргі уақытта күдіктелуде. Айта кетеу керек, қайтыс болған адамдардың, яғни сауалнамалық деректерін бергені үшін 4 мың теңге есебінен алып отырған.


Хабарламаларға жазылу