Елімізде фельдъегерлік қызметтің құрылғанына 30 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде фельдъегерлік қызметтің құрылғанына 30 жыл

20.12.2021

Елімізде фельдъегерлік қызметтің құрылғанына 30 жыл! Осы айтулы күнге орай бүгін үздік қызметкерлер марапатталды. Кеудесіне орден тағып, алғыс хат алды. Жалпы бірінші Петр заманында пайда болған фельдъегерлік қызметтің әлі күнге дейін маңызы зор. Олар түрлі мемлекеттік хат хабарларды, құпия мәліметтерді жеткізумен айналысады. Хатты электронды түрде жіберуге болмайды. Хакерлік шабуылдар болуы мүмкін. Сол үшін құпия қағаздар мемлекеттік органдарға, үкіметтік мекемелерге немесе әскери қолбасшылықтарға жеткізіліп, қолдан қолға берілуі тиіс. Тіпті хакерлік қана емес, кәдімгі шабуылдар да болуы мүмкін.

Сапарғали Айтмұхамедұлы, Түркістан облыстық фельдъегерлік қызметтің бастығы:

Балалардың бәрі физикалық дайындықтан өткен. Аптасына екі рет жаттығу өткіземіз. Дзюда, самбо, әскери ұрыс. Балалардың бәрі дайын.


Хабарламаларға жазылу