Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды: жаңа қаулы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды: жаңа қаулы шықты

26.03.2021
Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды: жаңа қаулы шықты

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқитыны туралы айтылған. 

Қаулыға сәйкес, 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында республиканың барлық өңірлерінде оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту рұқсат етілді. Бұған қоса, білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша 15 адамнан аспайтын топтарда оқушылардың сабақтан тыс уақытта қосымша сабақ өткізуге болады. 

«Жасыл» және «сары» аймақтардағы мектептерде барлық сынып оқушылары аралас форматта оқыса, «қызыл» аймақтарда жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптар аралас форматта оқиды.

9, 11 және 12-сыныптар аптасына алты күн аралас форматта оқиды: пәндердің 70%-і - штаттық режимде, 30%-і - қашықтан (сыныпта 15 адамнан көп болмауы тиіс).

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз.

мектеп қаулы

Хабарламаларға жазылу