Солтүстік Корея Жапон теңізі маңына екі баллистикалық зымыран ұшырды. Жапония жағалау сақшыларының мәлімдеуінше, жақын қашықтыққа арналған ракеталар таңертең сағат 7-ден кеткенде жіберілген. Сынақты Оңтүстік Корея да растады.
Осылайша, Токио Олимпиадасы қарсаңында өңірдегі жағдай қайта шиеленісіп, кореялық саясатын жасақтап жатқан Джо Байден үкіметіне қысым күшеюі мүмкін.
Айта кетсек, бұған дейін Пхеньян Жапонияның үстімен АҚШ-қа оқтұмсықтарды жеткізе алатын зымырандарды бірнеше рет тәжірибеден өткізген еді.
Бүгінгі оқиғадан кейін жапон үкіметінің басшысы Ёсихидэ Суга мәлімдеме жасап, Солтүстік Кореяның аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіріп тұрғанын ескертті. Және де ол көрші мемлекеттің осы әрекетін келесі айда АҚШ-қа сапарында Ақ үй басшысымен талқылайтынын хабарлады.
Арыстан Рысбек