Қазақстандық вакцина Түркияда өндірілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық вакцина Түркияда өндірілуі мүмкін

25.03.2021

Бүгінде клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатқан қазақстандық Qaz Covid-in вакцинасының өндірісіне Түркия да қатысуы мүмкін. Қазір тараптар арасында бұған қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы Түркияға сапары кезінде Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты. Түркия тарапынан отандық вакцинаны арнайы құтыларға құюмен 80 жылдан бері дәрі-дәрмек өндіріп келе жатқан компания айналыспақ. Қазақстандық Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу институтының мамандары жақында Түркияға барып, компанияның вакцина өндірісімен танысып кеткен. Егер келіссөздер ойдағыдай аяқталса, вакцинаның алғашқы легі мамыр айында дайын болады.

Айдос Әшімұлы

вакцина коронавирус

Хабарламаларға жазылу