Түркияда коронавирустың жаңа түрі көбеюі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда коронавирустың жаңа түрі көбеюі мүмкін

08.09.2023

Коронавирустың «Пирола» мен «Эрис» деп аталатын штамдары Түркияда да күрт көбеюі мүмкін. Мамандар дабыл қағуда. Миллиондаған турист келетін елде олардан ешкім вакцина немесе ПТР тестін талап етіп жатқан жоқ. Жаңа штаммдар кәдімгі тұмауға ұқсайды. Ресми дерек бойынша Түркияда коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі тіркелмеген. Ол анықталғанның өзінде пандемия кезіндегідей ауыр болмайды. Адамдарда иммунитет қалыптасқан әрі вакцинаның да түр-түрі шықты,- дейді мамандар.

Нуреттин Игит, «Қарағай және сакура» мемлекеттік ауруханасының бас дәрігері:

Медицинада қандай да вирустың таралу таралмауын дөп басып айту қиын. Дегенмен қорқатындай ештеңе жоқ. Жаңа таралып жатқан коронавирус варианттарын да бұрынғы түрлері сияқты маска арқылы, арақашықтық сақтау арқылы таралуын азайтуға болады. Оның белгілері де түшкіру, жөтелу, тамақ ауруы сияқты барлық вирустық аурулармен бірдей. Сондықтан коронавирус та тұмау сияқты маусымдық ауруға айналды дей аламыз.


Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу