Қазақстанда бір күнде 841 адам коронавирустан жазылып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бір күнде 841 адам коронавирустан жазылып шықты

29.12.2020
Қазақстанда бір күнде 841 адам коронавирустан жазылып шықты

Өткен тәулікте 739 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 841 адам жазылып шықты. Індеттен 8 адам көз жұмды.

Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 153199-ға жеттi. Жазылып шыққандар саны - 140684 адам. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 22 322 адам ем қабылдап жатыр. 252 науқастың жағдайы ауыр. 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 18 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 45460 адам пневмонияға шалдыққан. 32893 адам індеттен жазылып шықты. 

Өткен тәулікте коронавирустан - 8, пневмониядан 3 адам көз жұмды. Коронавирустан қайтыс болғандар саны - 2267, пневмониядан көз жұмғандар саны (1 тамыздан бері) - 493.


коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу