Елордада ірі сауда орталықтары мен базарлар азық-түлікті төмен бағамен сатуға келісті. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы 8 ірі субъектіге 4,6 млрд теңге қарыз бөлді. Енді, күріштің келісі 245 теңге, қарақұмық жармасы 330 теңгеден саудалануы тиіс.
Сондай-ақ картоп-89, қырыққабат-90, пияз-80, ал сәбіз келісіне 77 теңге деп бекітілді. Екі жақты келісімге сәйкес әлеуметтік маңыздағы 19 тауардың құны бөлшек саудада 15%-дан аспауы тиіс. Бұл жеңілдіктер қаншалықты сақталатынын арна тілшілері де назарда ұстап отырады.
Нысаналы Ығыл