Азық-түлік бағасын бақылау күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік бағасын бақылау күшейді

28.07.2021

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құнына қосылатын үстемақы 15 пайыздан аспауы тиіс. Өскеменде арнайы мониторингтік топ дүкендерді аралап, талаптың орындалу барысын бақылады. Жалпы ірі сауда орындарынан бөлек қалада тұрақтандыру қорының дүңгіршектері жұмыс істеп тұр. Көп ұзамай бұл сауда нүктелеріне 3 мың тоннаға жуық көкөніс жеткізу жоспарланған. Әзірге онда 8 түрлі азық түлік арзан бағамен сатылып жатыр.

Олжас Құдайбергенов, Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:
Қала бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік қоғам - «Ертіс», оның 15 сауда нүктесі жұмыс істеп тұр, өздеріңіз көріп тұрғандай, бүгінгі таңда 8 тауар саудаланады,өте төмен бағамен. Қаланың ортаңғы бағамен салыстырғанда 20 пайызға төмен.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу