Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңды қабылдап алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңды қабылдап алды

17.03.2021
Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңды қабылдап алды

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқылайды.

«Заң жобасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілді. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты – шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік құқығымен және уақытша жер пайдалану құқығымен ие болуына тыйым салуды енгізу», - деді Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев.

Аграрлық мәселелер комитеті аталған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын.

Айта кетейік, өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске жіберген еді.


мәжіліс заң

Хабарламаларға жазылу