Жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасы Сенатқа жолданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасы Сенатқа жолданды

14.04.2021

Мәжіліс Президент бастамашы болған жер туралы заңды қабылданды. Онда ауыл шаруашылық жерлерін шетелдік азаматтар мен шетелдік қатысушысы бар кәсіпорындарға сатуға және жалға беруге тыйым салынған. Осы заң жобасы бойынша 3 жұмыс тобының отырысы және Аграрлық мәселелер комитетінің екі кеңейтілген отырысы өтті. Бүгін заң жобасын Мәжіліс депутаттары мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді. Президенттің жер туралы заңының қабылдануы шетелдіктердің ауылшаруашылық жерлерін сатуы мен жалдауы туралы мәселеге нүкте қояды. Бұл қызу пікірталас, даулар мен осы тақырыптағы түрлі алып қашпа әңгімелергі тоқтау салары сөзсіз. 

Ғабит Бөкенбай

Мәжіліс заң

Хабарламаларға жазылу