Сенат жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске қайтарды

29.04.2021
Сенат жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Сенат жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Бүгін Сенат депуттары аталған заң жобасын қарап, құжаттың негізгі тұжырымын мақұлдады. Алайда талқылау барысында оған түзетулер енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

Айта кетсек, жер қатынастары туралы заң жобасында ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысу үлесі бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толықтай тыйым салу көзделген.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, бүгінде 74,4 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін шетелдік қатысуы бар 7 кәсіпорын, 18,5 мың гектар жерді екі шетелдік заңды тұлға жалға алып отыр. Атап айтқанда, Жамбыл облысында 5,9 мың гектарды 1 кәсіпорын, Павлодар облысында 32,2 мың гектарды 1 кәсіпорын, Атырау облысында 1,6 мың гектарды 1 кәсіпорын және Ақмола облысында 34,7 мың гектарды 4 кәсіпорын жалға алған. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында 14,9 мың гектар алқапта 1 кәсіпорын және Жамбыл облысында 3,6 мың гектар алқапта 1 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың жалға алу мерзімі 2022-ден 2025 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Осы уақыт өткеннен кейін бұл жерлердің бәрі Үкіметке қайтарылады.

сенат заң

Хабарламаларға жазылу