3D модельдеудің артықшылықтары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

3D модельдеудің артықшылықтары

15.03.2021

Бұған дейін бизнес қана кірген 3 D модельдеудің артықшылықтарына бүгін мемлекеттік сектор да қызығушылық артып отыр. Себебі, кеше ғана таңсық болып көрінген үш өлшемді кеңістік бүгін нарықтағы ойыншылардың барлығына тікелей қатысы бар. Өткен жылы ғана инновацияға тапсырыс берген. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бұл жобадан үлкен үміт күтіп тұр.

Бұл Елорданың 3D форматтағы бейнекөрінісі. Ғимараттар, жасыл-желектер, көшелер, аулалар – барлығы шынайы өмірден айнымайды. Бірақ бұл бір күнде жасалған еңбек емес. Ұшқышсыз ұшатын аппараттың көмегімен бірнеше ай бойы түсірілген жұмыстың нәтижесі.

Абылай Меркенов, «KazAeroSpace» ЖШС-НЫҢ департамент басшысы:
Ол, ең алдымен, қала әкімдігінің қарауында. Халыққа болашақта пайдасы тиетін болғандықтан жасалынып отырған жұмыс.

Түсірілім қар жоқ кезде ғана яғни сәуір-қараша айлары аралағында және күн жерге көлеңкесін түсірмеген уақытта ғана жүргізіледі. Қазақстанда жасалған мына пилотсыз аппараттар енді бір айдан кейін қайта әуеге көтеріледі. Қазір де мамандар қол қусырып отырған жоқ. Былтыр түсірген материалдарын өңдеп жатыр. Осылайша Елорданың виртуалды жобасы биыл дайын болмақ. «KazAeroSpace» елімізде 3D форматта түсіретін әзірше жалғыз компания. Өндіріс орны Назарбаев Университетінің аумағында орналасқан.

Абылай Меркенов, «KazAeroSpace» ЖШС-ның департамент басшысы:
Басқа компаниялар 2D моделі жүйесінде және қағаз жүйесінде жұмыс істейді. Бірақ олардың жұмысын әрі қарай жылжыту дамыту үшін біздер жаңа бағытты көрсетіп 3D модельді ұсынып жатырмыз.

Мұндай технологиялар дамыған елдердің барлығында бар. Мысалы, Париждегі Роттер-дам-де-Пари соборының осы виртуалды үлгісін сіз әр қырынан ұстап көруіңізге болады. Туристік нысанның әр бөлшегін басып қалсаңыз, сол бөлшек туралы мәлімет шығады. Ал, мынау Нью-Йорктегі әйгілі Манхэттен. 3D моделінің көмегімен ғимараттың қай жылдары салынғанын және қай жерде орналасқанын байқайсыздар. Бұл шетелдік компаниялармен жасалынған экспериментті жобалар ғана. Негізінде, 3D математикалық модельдеу заттардың неден, қалай жасалғанын анықтап береді.

Абылай Меркенов, «KazAeroSpace» ЖШС-ның департамент басшысы:
3D модель арқылы нақты және дәл желдің бағытын және оның жылдамдығын модельдеуге болады. Біздің миссиямыз жалпы қаланың жағдайын сәулет-құрылыс бағытында жаңағы 3D моделі арқылы жақсарту.

Қаланы қалың тұман мен түтін басып, желдің құрамындағы түрлі зиянды заттарды да дәл осы 3D жүйесі арқылы анықтауға болады. Ал желдің өтіне еш кедергі жасалмайтын болса, лас заттар да бір жерге шоғырланбайды.

Ламбриан Топузидис, тілші:
Бұл инновацияның артықшылықтары көп. Мысалы, Нұр-Сұлтанда желдің күші жоғары болғандықтан оған ғимараттың қаншалықты төзе алады және осы ғимараттың артында ауаның қаншалықты лас болып кеткенін де көруге болады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін 3D модельдеудің нақты математикалық өлшемдерінің көмегі өте зор.

Бүгінде Ақкөл, Түркістан, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары 3D форматта түсірілген. Еліміздің үлкен қалаларына бұл таптырмас инвестиция. Себебі, оның көзге бірден ілінбейтін нәрселерді тауып, қателіктердің алдын-алуға септігі мол.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу