Семейде көлік апатынан 11 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде көлік апатынан 11 адам зардап шекті

12.03.2021

Семейде қоғамдық автобус КамАЗ жүк көлігімен соқтығысып, 11 адам зардап шекті. Оқиға бүгін таңертең болды. Абырой қылғанда, жолаушылардың бәрі аман. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілген. Жол апаты көктайғақ салдарынан болуы мүмкін. Қазір полиция себебін анықтап жатыр.

Елубек Оспанов, қалалық ІІБ баспасөз хатшысы:
Қазір осыған қатысты барлық сараптамалар тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша осы істің ақ-қарасы анықталып, негізгі процесуалдық шешім қабылданатын болады.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу