Алматыда демалыс күндері автобус пен метро жүрмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда демалыс күндері автобус пен метро жүрмейді

12.03.2021

Бұл шешім эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында қабылданған. Қоғамдық көлік дүйсенбі, 15 наурыз күні қайта жүре бастайды. Сондай-ақ мегаполистегі ірі сауда орталықтары, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар мен спорт кешендері, фитнес-орталықтар жұмыс істемейді. Қоғамдық тамақтану орындарының уақыты кешкі 8-ге дейін шектеледі. 13 наурыздан бастап мектеп оқушылары онлайн режимге қайта көшеді. Айта кетейік, 10 наурызда Алматы короновирус бойынша «қызыл» аймаққа енді. Қалада бас санитардың қаулысына сәйкес ертеңнен бастап карантин шаралары күшейеді.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу