Индонезияда балалар мінген автобус аударылып, 27 адам қаза тапты
Индонезияда мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары мінген автобус аударылып, 27 адам қаза тапты. Оқыс оқиға жолаушылар экскурсиядан қайтып келе жатқанда болған. Жүргізуші көлікті басқара алмай, автобус терең шатқалға құлап кеткен. Жантүршігерлік жол апатынан аман қалған 39 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Қазір бұл қайғылы оқиғаға қатысты тергеу-тексеру жүріп жатыр.
Ал Тунисте Жерорта теңізі жағалауында мигранттар отырған екі қайық аударылып кетіп, 39 адам мерт болды. Мамандар тағы 165 адамды құтқарып үлгерген. Іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Құтқарушылардың хабарлауына қарағанда, Африка мен Таяу Шығыс елдерінен жиналған босқындар шағын су көліктерімен Еуропаға жетпек болған көрінеді.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03