Депутат: Қорлардың әкімшілік шығындары ашық болуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат: Қорлардың әкімшілік шығындары ашық болуы тиіс

10.03.2021

Бас-басына 19 миллион теңге! Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры басшыларының қаржылай сыйақасы депутаттың ашуын туғызды. Мәжілісмен мұндай шектен тыс шығындар болмауы керектігін айтып, Үкіметке сауал жолдады. Айтуынша бюджеттен тыс қорлардың кіріс-шығысы Есеп комитетінің бақылауынан тыс қалған. Сондықтан олардың қаржылық операциялары ашық болуы үшін арнайы стандарттар бекітіліп, еңбекақы мен әкімшілік шығыстар көлемі көрсетілуі тиіс екенін айтып отыр. Әйтпесе, әр адам жалақысының екі пайызын аударатын қордағы қаржы мақсатсыз жұмсалып жатыр дейді.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мәселен, 2019 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығыстары 5,8 млрд теңгеден асқан. Жалақы төлеуге 4,4 млрд теңге жұмсалған. Егер қордың барлық 850 қызметкеріне бөлсек, әрқайсысына айына 434 мың теңгеден келеді. Бұл елдегі орташа жалақыдан екі есе жоғары. Әрі қор басқармасының төрт мүшесіне шамамен 77 млн теңге, яғни әрқайсысына 19 млн теңгеден сыйақы төленген.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу