Антикор: Ұлттық компаниялар мейлінше ашық болуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Антикор: Ұлттық компаниялар мейлінше ашық болуы тиіс

31.03.2023

Сыбайластықтың алдын алу үшін не істеу керек? Осы сұраққа жауап іздеген мамандар коррупцияны болдырмау үшін жаңа ережелерді бекітпек. Квазимемлекеттік сектордағы compliance қызметі енді халықаралық стандартқа сай жұмыс істейді. Мамандарды оқыту, кеңес беру мен тренингтер өткізуді cыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өз мойынына алып отыр. Бұл коррупция қаупін азайтып, ұлттық компаниялардың ашықтығына әсер етеді. Compliance қызметі жүргізген жұмыстардың есебі Антикор мен мекемелердің ресми сайтында жарияланып отырады.

Саян Ахметжанов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция бөлімінің басшысы:

Біз тек қана осы типтік ережені қазір квазимемлекеттік ұжымдармен бастадық. Әрі қарай негізі жекеменшік мекемелер өз еркі осы compliance қызметті. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бар. ICO37201 деген. Соған сәйкес атқаруға мүмкіншіліктері бар.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу