2025 жылға дейінгі дамудың ұлттық жоспары бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2025 жылға дейінгі дамудың ұлттық жоспары бекітілді

09.03.2021

Еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді. Президенттің жарлығы бойынша қабылданған стратегиялық құжатта 10 негізгі бағыт айқындалған. Ол әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтып, халықтың өмір сүру сапасы мен табысын арттырып, коронадағдарысты еңсеруге септігін тигізуі тиіс. Әртараптандыру, инвестиция тартып, экспортты арттыру және жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға қатысты шаралар қамтылған. Жауапты министрлік пен әкімдіктер маңызды реформаларды жақын болашақта іске асыруы тиіс. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу