Леңгірдегі тойханалардың бірінде жасырын өтіп жатқан той тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Леңгірдегі тойханалардың бірінде жасырын өтіп жатқан той тоқтатылды

04.03.2021

Леңгірдегі тойханалардың бірінде жасырын өтіп жатқан той тоқтатылды. 

Тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жиынды тарқатты. Карантинге қарамастан 100-ге жуық қонақты жинап, той өткізген тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды. Дәл осындай той Сарыағаш ауданында да анықталды. Жергілікті тұрғынның 70 жылдық мерейтойына 80-ге жуық адам келген. 

Санитарлық талаптарға бағынбаған кәсіпкер мен той өткізушіге айыппұл салынды. Соңғы екі айдың көлемінде облыс аумағында карантин тәртібін бұзғандарға қатысты мыңнан астам әкімшілік іс қозғалып, 65 млн теңге айыппұл төлеу міндеттелді.

Айнұр Ақбаева

той карантин

Хабарламаларға жазылу