Шымкенттік тұрғындар той өткізуді тоқтатар емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттік тұрғындар той өткізуді тоқтатар емес

10.08.2021

Мәселен, мына үйдің ауласында құдалық тойға дайындалып жатқаны белгілі болды. Үй иесі қызын ұзатпақшы болып, 80 адамға дастархан жайған. Ал, кешкі сағат тоғыздар шамасында қаладағы үлкен тойханалардың бірінде үйлену тойы өтіп жатқан. Мобильді топ мүшелері тойдың үстінен түсіп, қонақтарды түгел тарқатты. Той ұйымдастырған екі азамат пен мейрамхана қожайынына әкімшілік хаттама толтырылды. Жасырынып той жасаушыларға енді қала билігі қатаң шара қолданылатынын ескертті.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу