Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі

04.03.2021

Елімізде асыл тұқымды мал басын арттыруға басымдық беріледі. Кешенді шаралар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жүзеге асады. Бүгін сенаторлар тиісті заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, одаққа мүше мемлекеттер селекциялық жұмыстарды жүргізгенде ортақ талапқа бағынады. Келісім аясында өзара саудадағы кедергілер де жойылады.

Сенатор Ақылбек Күрішбевтың айтуынша, соңғы жылдары елімізге 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал әкелінген. Бірақ шет елден жерсінбейтін мал сатып алғанша, өзіміздегі асыл тұқымды мал популяциясын сақтап, жақсарту маңызды. Бұл ретте инновациялық технологияларды қолдану қажет. Ал, құжат соның бәрін ескеріп, мал басын асылдандыруда күш біріктіруге ықпал етпек.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіруді мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүзеге асырады, талдамалық қамтамасыз ету ғылыми-зерттеу ұйымдарына беріледі. Сондай-ақ, келісімде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің асыл тұқымды мал және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтермен алмасуы көзделеді.

Дарын Сағитов

Сенат

Хабарламаларға жазылу