Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі бойынша әлемдік рейтингте 32-орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі бойынша әлемдік рейтингте 32-орында

04.03.2021
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі бойынша әлемдік рейтингте 32-орында

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі бойынша әлемдік рейтингте 113 мемлекеттің арасынан 32-орыннан көрінді. Осылайша 2019 жылмен салыстырғанда өз позициясын 16 тармаққа жақсартты, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.

Бұл Corteva Agriscience қолдауымен The Economist Intelligence Unit сарапшылары дайындаған Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексінен алынған. 

The Economist Intelligence Unit деректеріне сәйкес, Қазақстан 2020 жылғы рейтингтегі позициясын жақсарту тұрғысынан аса маңызды оң серпіні бар ел болып саналады. Халық үшін азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігі, азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі, азық-түлік өнімдерінің болуы секілді көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды. 

Оң қарқынды қамтамасыз еткен факторлар тізімінде Тhe Economist Intelligence Unit АӨК секторындағы өндірістің тұрақтылығын, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік бағдарламалардың қолжетімділігін, халықтың кедейшілік шегінен төмен үлесін, нарықтың және АӨК секторындағы қаржылық қызметтердің, нарықтағы ұсыныстың, микронутриенттердің қолжетімділігін, протеиндердің сапасын, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін, азық-түлік өнімдеріне төмен импорттық тарифтердің, өндіріс пен дистрибуция кезіндегі ысыраптардың төмендігін атап көрсетеді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы, АӨК секторындағы ғылыми зерттеулер сияқты көрсеткіштер бойынша да жақсару байқалды.

рейтинг Үкімет

Хабарламаларға жазылу