Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 110 миллионға жақындап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 110 миллионға жақындап қалды

18.02.2021

Әлемнің 36 елінде коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді. Өткен аптада мұндай мемлекеттер саны 45 еді. Ал осы індеттен қайтыс болғандар планета бойынша 2 жарым миллионнан асты. Халықты вакциналауға кіріскен елдер саны 67-ден 82-ге көбейді. Жер шарында ковидке қарсы екпе салдырғандар 185 миллионға таяп қалды. Дегенмен, Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, дүниежүзінде өндірілген вакциналардың 75 пайызын 10 шақты мемлекет бөліскен. Ұйым басшысы препараттардың әділ таратылмай жатқанын сынап, оны әр адамға жеткізу қажеттігін айтты. 

Антониу Гутерриш, Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы:
COVID-19 вакциналарының өмірге келуі әріине үміттендіреді. Бірақ сол екпені әділ тарату - әлемдік қауымдастық алдындағы ең үлкен моральдық сынақ. Біз бәріне, барлық жерде, мүмкіндігінше тез вакцинациялауға жол ашуымыз керек.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу