Жамбыл шығармаларының жинағы екі тілде жарыққа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл шығармаларының жинағы екі тілде жарыққа шығады

03.03.2021

Қазақ эпосын, Жамбыл Жабаевтың шығармаларын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттап, терең зерттеу қажет. Сондықтан Ресейдегі филологтар екі тілде жинақ шығармақ. «Жыр алыбының шығармашылығына жаңа көзқарас керек . Қазақ поэзиясының бет-бейнесіне айналған тұлғаның өзіндік қайталанбас мәдени тілдік контексті бар»,- деген олар жыраудың шығармаларын аударуға кірісті. 

Владимир Кляус, Горький атындағы әлемдік әдебиет институтының бөлім басшысы:
Бұл Жамбыл Жабаевты жаңа қырынан көрсетер еді. Қалың оқырман жыраудың 17 жылдан кейін жазылған шығармашылығымен жақсы таныс. Кеңес заманында жыраулық дәстүрді дамытты. Лиро-эпикалық поэмалар жанрына да ерекше мән берген. Метафора, бейнелі сөздер мен символдар өлеңдерінде көрініс тапқан. Осы құнды дүниені Еуразия кеңістігіндегі оқырманға жеткізу керек.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу