Қарағандыдағы мұражайда Абайдың араб тіліндегі жинағы сақталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы мұражайда Абайдың араб тіліндегі жинағы сақталған

24.02.2020

Қарағанды облысының Абай қаласындағы мұражайында Ұлы ойшыл шығармаларының 1933 жылы шыққан араб тіліндегі жинағы сақталған. Бұл мұражайдағы 5 мыңнан астам жәдігердің ең құндысы. Бұған қоса, 175 жылдық мерейтой қарсаңында арнайы бұрыш ашылып, онда «Абай жолы» эпопеясының 18 тілдегі нұсқасы қойылған. Айта кету керек, араб тіліндегі мына көне кітапты 1990 жылы Қарағанды қаласының тұрғыны Шәрбат Кемелбаева әкеліп тапсырған. Өзінің айтуынша, 1955 жылға дейін бұл шағармалар жинағы әкесі Төлеу ақсақалдың қолында болған. Белгілі ақын Төлеу Көбдіков Семей облысы Абай ауданының тумасы. Әкеден балаға мирас болған көнекөз кітап қазір мұражай төрінде тұр.  

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу