Алматы облысында алкогольді өнім дайындайтын зауыттың көлеңкелі қызметінің жолы кесілді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді.
«Тінту барысында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар 20 атаулы 170 мыңнан астам бөтелке ішімдік анықталды. Сонымен қатар, көрсетілген өнімдер сертификатталмаған және адам денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін еді», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде суррогат алкоголь өнімдерінің кесірінен жыл сайын 3 миллионнан астам адам қаза болады.