Өткен тәулікте 692 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 692 адамнан коронавирус анықталды

23.02.2021

Соңғы мәліметтерге сай, өткен тәулікте 692 адамнан коронавирус анықталды. Сондай-ақ 8 адамның вирусты пневмонияға шалдыққаны расталып отыр. Алматы қаласы антирейтингтің көш басында. Алып шаһарда 111 адам вирус жұқтырған. Ал Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында кеше бірде-бір науқас тіркелмеді. Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда 209 мыңға жуық адамның ковид жұқтырғаны анықталды. 250-ге тарта науқастың жағдайы ауыр.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу