Екібастұз қаласында белгісіз біреу ер адамды атып өлтірді. Оқиға таңғы сегізде болған. Оқыс жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда,тұрғын үйдің ауласында қоқыс төгіп, кетіп бара жатқан азаматты артынан атып кеткенін көруге болады. Қайтыс болған азамат 61 жаста, электр жабдықтаушы болып жұмыс істеген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Жасқайрат Қайыров, полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:Оқ тиген адам сол жерде тіл тартпай кетті. Күдікті іздестіріліп жатыр. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Болат Аманбаев