Елбасы «Қазақфильмнің» президенті Ақан Сатаевты қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев режиссердің «Анаға апарар жол», «Томирис» туындылары көрермен жүрегіне жол тапқанын айтты.
«Қазір де үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Алдағы жұмысыңызға табыс тілеймін», – деді.
Өз кезегінде Ақан Сатаев көркем фильмдер түсіру жоспарлары мен отандық киноның сапасын арттыру жайына тоқталды.
Нысаналы Ығыл