«Қайырымдылық марафонын» 60-тан астам ұйым қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайырымдылық марафонын» 60-тан астам ұйым қолдады

23.02.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы жалғасуда. Шараны 60-тан астам үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері қолдап отыр. Волонтерлер жылы аяқталғанымен, қайырымдылыққа бағытталған жобаларды тоқтатпаймыз дейді ұйымдастырушылар. 

Ақпан айында «Қайырымдылық марафоны» аясында 135 іс-шара өтті, 2000-нан астам адамға қолдау көрсетілді. Мәселен, Шығыс Қазақстанда еріктілер аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін таратып, қарт адамдардың үй шаруасына көмектесті. Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі 15 отандасымызға сауықтыру орталығына жолдама сыйлады. Қиын жағдайға тап болған бір отбасының тұрғын үй сатып алуына бастапқы жарна сомасы табысталды. 

Наргиз Әбділмұратқызы, ҚХА мүшесі, волонтер:
Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 30 игі іс бастамасын бастайық. Әрбір Қазақстрандық 30 игі іс жасаса, осы 2021 жыл мейірімділікке, қайырымдылыққа толы керемет жыл болады деп ойлаймын. 

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу