Кәсіпкерлер науқастарға көмек көрсетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер науқастарға көмек көрсетіп жатыр

07.08.2020

Еліміздің әр аймағында кәсіпкерлер індетке қарсы күш біріктіріп, елге қолдау көрсетуде. Мәселен, Жамбыл облысында, Алға ауылының іскер азаматтары елді-мекендегі медпунктке оттегі концентраторын, 2 дана пульсоксиметр мен қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізіп берді. Мұндай қайырымдылық шаралары Мойынқұм, Жуалы аудандарында да жалғасын тапты.

Айбек Омаров, кәсіпкер:

Кейін қандай заман болады? Сондықтан осы ауылымызда барлығы дайын тұрсын, біздің беріп жатқан аппараттар ауыл тұрғындарына бір көмегі тисін деп табыстап отырмыз.

Ал, Өскеменде кәсіпкер әйелдер қайырымдылық шарасынан түскен қаражатты провизорлық орталықтардың қажетіне жұмсады. Олар облыстық ана мен бала орталығына 70 ауа ылғалдатқыш құрылығысын табыс етті. 20 мыңдай медициналық бетперде алдыртып, дәрігерлерге арналған қорғаныш костюмдерін жергілікті кәсіпорындарға тапсырыспен тіктірді.

Павлодарлық кәсіпкерлер де қарап қалмады. «Жақсылық жаршысы» қайырымдылық марафонын жалғастырған олар 100-ден аса отбасыға азық түлік жеткізіп берді. Аймақтың барлық аудандарындағы медициналық мекемелерге дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар сатып әперді. Қайырымдылық марафоны Солтүстік Қазақстан облысына жолданады.


Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу