Ниагара сарқырамасы мұзға айналып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ниагара сарқырамасы мұзға айналып жатыр

22.02.2021

Бірнеше аптаға созылған аяз Американың әйгілі Ниагара сарқырамасын мұзға айналдырды. Әсіресе, оның Нью-Йорк жағындағы бөлігі туристерді ерекше қызықтырып отыр. Ағып келе жатып, қатып қалып жатқан суды тамашалауға соңғы күндері өте көп адам жиналды.

Метеорологтардың болжамынша, аймақта күн әзірге жылынбайтын тәрізді. Бүгін де бұл аумақта қар борап, қатты аяз болады, ауа температурасы 37 градусқа дейін төмендеуі мүмкін деген болжам бар.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу